• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:20:28
Алматы
+35°

Бүгін үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп жазады primeminister.kz.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады.

– Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқартуға ұсынылған шығыстардың жалпы сомасы 128,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардан – 23 млрд теңге, өңірлерден – 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен – 79 млрд теңге, – деді қаржы министрі.

Министр Асқар Маминнің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет.

Сондай-ақ үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына директорлар кеңестері мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір