• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:31:24
Алматы
+12°

18 Ақпан, 2020 NEWS

Шұғыл: Қазақстанның қазба байлықтары таусылуға таяу

Қазақстанда кен орындарындағы қазба байлық түгесілуге аз қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырған.

Фото: aikyn.kz

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпарат дәйегіне сүйене отырып хабарлайды.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың дәстүрлі өндіруші салаларының тиімділігін арттырып, Қазақстанды геологиялық барлаудың әлемдік нарығына шығару міндетін қойды. Мұнай-газ бен тау-кен металлургиясы салаларын орнықты шикізат базасымен қамтамасыз ету қажет. Қазіргі кен орындары біртіндеп, сарқылуда. Сонымен бірге, бүгінгі күні Қазақстан аумағын зерттеу деңгейі 25 пайыздан сәл ғана асып отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды», – деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің айтуынша, болашақ мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы геологиялық саланы дамытуға бағытталған. Яғни, Геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру арқылы 1 теңге салып, салаға 4 теңгеге дейін қосымша жеке инвестиция тартуға болады.

"Еліміздің, әсіресе моноқалалардың маңында минералдық шикізат базасын молықтыру экономикаға оң әсерін тигізіп, өнеркәсіп салаларын дамыту үшін нақты негіз болады. Мұнан басқа, жаңа кен орындарын ашқан кезде жаңа өндірістік кешендер құрылады. Бұл 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартып, 20 мыңға жуық жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Асқар Мамин геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген кезде геофизикалық зерттеу мен жерді қашықтан зондтаудың жаңа әдістерін қолдану керектігін айта келіп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне осы жылдың 31 мамырына дейін мемлекеттік бағдарлама жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір