Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға барған іс-сапар барысында қазақ-қытай байланыстары туралы айтты.

Мюнхен конференциясында Еуро одақтың халықаралық қатынас жөніндегі кеңес басшысы Ричард Натан Хаас Тоқаевқа Қазақстан мен Қытайдың ара-қатынасы туралы сұрақ қойды. 

– Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз керемет. Ортақ шекарамыз 1 700 шақырымды құрайды. Қытайдың Қазақстанда ғана емес, тұтас Орталық Азияда іс жүргізуге қаржылық мүмкіндігі бар. Короновирус шыққанға дейін солай болатын, – деп жауап берді Тоқаев. 

Сондай-ақ Тоқаев Ресей мен Қазақстан әлемдегі ең ұзақ шекараға ие екенін және Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін айтты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір