• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:12:29
Алматы
+35°

2020 жылдың 17 ақпанында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары коронавирусқа қарсы жарлықты бекітті. Яғни, 20 ақпаннан бастап инфекцияның жаңа түрі тіркелген елдерден келген азаматтарды 3 санатқа бөліп, қай категорияға жататынын анықтады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

1-ші санат: Қытайдан келген азаматтар. Олардың барлығын ауруханаға жатқызып, 14 күн бойы карантинде ұстайды. Кейін тағы да оларды 10 күндей арнайы медициналық ұйым қадағалап, дәрігерлер ұялы телефон арқылы байланысып отырады.

2 санат: Коронавирус инфекциясының 10-нан астам жағдайы расталған елдерден келген азаматтар. Бүгінде инфекция белгілері Гонконг, Сингапур, Жапония, Тайланд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайвань, Вьетнам, Австралия, Германия, АҚШ, Франция, Макао сынды елдерде тіркелген. Атап өтсек, осы елдерден келген барлық адамдар 14 күн бойы карантинде болады. Олардың денсаулық жағдайын күнделікті бақылайды.

3-санат: Коронавирусты жұқтырудың 10-нан кем жағдайы тіркелген елдерден келген адамдар. Бүгінгі таңда бұл Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Үндістан, Филиппин, Италия, Испания, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, Египет. 

Аталан елдерден келген азаматтар Қазақстан шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы арнайы клиникалық орталықтарда үнемі бақылауда болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір