• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:08:25
+35°

19 Ақпан, 2020 NEWS

Димаш Құдайберген: "Мен әр концертімде көрермен алдында емтихан тапсырғандай боламын"

«Мен әр концертімде көрермен алдында емтихан тапсырғандай боламын. Онда көрерменді алдауға немесе шпор пайдалануға болмайды»

Фото: instagram.com

Бұл туралы Димаш Құдайберген Мәскеу қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Шара  9 наурыз күні Ресей астанасында өтетін Димаштың концертіне орай журналистермен бейресми басқосу ретінде ұйымдастырылды.

Кездесуге әншінің әкесі Қанат Айтбаев пен ресейлік танымал композитор Игорь Крутой қатысқан.

 Осы ретте, әнші Мәскеуде өтетін концерттің мән-жайы туралы Димаштың өзі айтып берді.

«Бағдарламаны «Арнау» деп атадық. Біз басқа елдерде, соның ішінде АҚШ-та бірнеше концерт қойдық, қазір Мәскеуде әсерлі кеш өткізуге дайындық үстіндеміз», - деді ол.

"Мәскеу" демекші, баспасөз конференциясында Димаш өзінің «Евровидение» байқауына Ресей Федерациясының атынан қатысатыны туралы қауесетті жоққа шығарды:

«Мен бұл жарысты жоғары дәрежелі деп санаймын, құрметтеймін. Бірақ мен оған қатысуымның қажеті жоқ деп ойладым. Егер осы елде туған болсам, Ресейдің атынан шығар едім. Мен – Қазақстанның азаматымын және өз Отанымның патриотымын, сондықтан бұл туралы әңгіменің мүлде негізі жоқ», – деді қазақстандық әнші.

Ал Димашқа үнемі тілекші болып, шығармашылық байланыс орнатқан атақты композитор Игорь Крутой журналистермен болған кездесудің өзінде әншінің талантына деген таңданысын жасыра алмаған. 

"Димаштың ерекше дауысы, қайталанбас ырғағы бар. Оның музыканы өзі арқылы өткізуі өте маңызды. Өйткені, ол керемет дарынға ие. Ал мен оның сауатты жанкүйерімін! Себебі, қанша тырыссам да, оған ұқсай алмайтыныма анық көзім жетеді. Оның таланты биік», - деді И.Крутой.

 

Оқи отырыңыз: "Ол менің Отаным – Қазақстан": Димаш Құдайберген ресейліктердің ұсынысына жауап берді

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір