• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:32:28
+35°

Қауіпсіздің кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Кездесу барысында үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндады.

Сондай-ақ, кездесуде А.Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шаралары туралы айтып берді.

Ұлттық банктің төрағасы Елбасына 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтынвалюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Е.Досаев «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру тақырыбы қозғалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір