• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:29:37
Алматы
+35°

Жапонияның Йокогама портында каратинде тұрған Diamond Princess кемесі

Жапонияның Йокогама портында короновирусқа байланысты екі апта карантинде тұрған Diamond Princess лайнерінің екі жолаушысы көз жұмды. Бұл ақпаратты  жапониялық "Эн-эйч-кей" телеарнасы мемлекетік ақпарат көздерінің біріне сілтеме жасап хабарлады, алайда дереккөздің аты аталмады. 

Телеарнаның мәліметінше, вирустың салдарынан мерт болғандар әйел мен ер адам. Екеуінің де жасы 80-нен асқан Жапония азаматы. Олардан 11-12 ақпан күндері вирус анықталып, емханаға жатқызылған. Бірақ екеуінде де вирус жұқтырғанға дейін басқа аурулары болған. 

Diamond Princess кемесі екі апта бойы Йокогама портында карантинде тұрды. Жапония билігі кеше ғана карантин мерзімі аяқталғанын хабарлап, коронавирус анықталмаған және оның белгілері жоқ 500 жолаушының жағаға шығуына рұқсат берді. Кемеде вирус жұқтырған адамдар әлі тіркеліп жатыр. Кемедегі науқастардың саны 621-ге жетті. Бұл Қытай шекарасынан тыс аумақта Covid-19 вирусын жұқтырғандардың ең үлкен шоғыры. Карантин кезінде инфекция жолаушылар арасында тез тарап кетті. Бірнеше мемлекет карантин біткенше азаматтарын эвакуциялады. Әзірге кемеден қарт адамдар шығарылды. Карантин басталған уақытта лайнерде 3700 жолаушы мен экипаж мүшесі болған.

Бұл кемеде төрт Қазақстан азаматы бар. Кеше Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кемедегі төрт қазақстандық 19 ақпанда карантиннен шығады, қосымша тестен аман-есен өтсе, жақын арада Қазақстанға оралады деп мәлімдеген еді. Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, төрт азаматтан коронавирус табылмаған. Олар жақын күндері Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей рейс арқылы елге жетеді. Бірақ олар жол шығынын өздері өтейді.

Қытай билігі бейсенбі күні вирус жұқтырғандар мен қаза тапқандар санына қатысты жаңа дерек ұсынды: қайтыс болғандар саны - 2112, бір күн бұрынғы мәліметтен 108-ге көп. Жалпы індет жұқтырғандар 74 мыңнан асты, өткен тәулікте 628 жаңа оқиға тіркелді.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір