• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:43:07
Алматы
+35°

"Демпартия" құруға ынталы бастамашыл топ жетекшісі, оппозициядағы белсенді Жанболат Мамай  азаматтарды 22 ақпан күні Алматыдағы "Астана" алаңына келуге шақырды. Бұл туралы ол өзінің Facebook және Youtube желісіндегі парақшаларында хабарлады. 

"Саяси тұтқындарды босатуды, саяси реформалар жүргізуді және Қордайда болған қақтығысты объективті зерттеуді талап ететін митингі Алматы қаласында 22 ақпан күні сағат 11:00-де «Астана» алаңында (Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысы) өтеді. Барлығымыз бір жұдырық болып, митингіге шығайық, ағайын!" деп жазды Мамай Facebook парақшасында. 

Мамай алдағы уақытта партияның съездін қайта белгілейтіндерін де мәлімдеді.

"Біздің қолымызды бір мыңнан астам адамның тізімі дайын тұр. Митингіден соң сол тізімді қайтадан Әділет министрлігіне тапсырып, Демократиялық партияның съезін қайта белгілейміз. Осы жолы халық көп шығып, жан жақтан бұл билікті қыспаққа алсақ, мұндай арандатулар енді қайталанбайды деп санаймын! Бұл талапты билікке ашық қою керек!" деді Мамай. 

Кеше, 19 ақпанда Мамай бастаған "Демпартия" өкілдері 22 ақпанға жоспарланған құрылтай съезд өтпейтінін, оның орнына сол күні митингіге шығатынын айтқан еді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір