• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:59:32
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік университеттерде жыл сайын өткізілетін әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайтуды тапсырды. 

– Мемлекеттік университеттер тиімсіз шығындарды қайта қарауы тиіс. Әртүрлі тиімсіз форумдарды, шараларды қысқарту керек. Президент қаңтар айында үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын. Бұл тек министрліктің аппаратына қатысты емес, квазимемлекеттік мекемелерге де қатысты, – деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысының төмендігін айтып, 25 жоғары оқу орындарында  жалақы 20-дан 50% - ға дейін көбейеді деп атап өтті.

– ЖОО оқытушыларының жалақысы төмен. Сондықтан, 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың құны осы жылдың қыркүйегінен бастап ұлғайтылатын болады. Бұл  оқытушыларға жалақыны көтеруге мүмкіндік беретін болады, – деді министр. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір