• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:59:28
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2020 Барлық аймақтар

Бауыржан Байбек Павлодарда айтыс туралы мәлімдеме жасады

Павлодар облысына жұмыс сапарының екінші күнін «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірдің зиялы қауымымен кездесуден бастады.

Бауыржан Байбек Павлодар облысында

Кездесу барысында аймақтың жай-күйі, толғандырып жүрген мәселелері, руханият, тіл, әдебиет жайы, экология, ел бірлігін нығайту және идеологиялық жұмыстарды жолға қою тақырыптары жан-жақты әңгіме арқауына айналды.

Еркін пікір алысу форматында өткен бас қосуда өңір зиялылары облыс көлеміндегі мәселелермен қатар, жалпы ел дамуына, мемлекетті өркендетуге қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын да бүкпесіз ортаға салды.

Павлодарлық белгілі ақын, қоғам қайраткері Арман Қанидың «Nur Otan» партиясы шығармашылық зиялылардың әлеуетін елдігіміздің іргетасын бекемдей түсу үшін бағыттап, партия қолдауымен өтіп жатқан айтыстар облыстарда да өтсе екен» - деген пікірін қуаттаған Бауыржан Байбек партияның осы бағытта атқарып жатқан шараларына кеңінен тоқталып, жиналғандармен елдің саяси бағдары жайындағы өз ойларымен бөлісті.

«Биыл «Nur Otan» партиясының ұйытқысымен 77 айтыс өтеді. Кезінде бәзбіреулер «олар айтыстан қорқады, онда сын айтады» деген болатын. Олай емес. Біз өзіміз мәселелерді ашық көтереміз. Айтыскерлерді қолдаймыз. Жалпы айтыс – қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі. Сондықтан оны қолдау керек. Халық оны жақсы көреді. Біз еліміздің түкпір-түкпіріне таралатын «Қазақстан» телеарнасымен келісіп, айтысты прайм-таймға қоямыз да, халыққа көрсетеміз.

Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы ұлттық спорт түрлерін қолдап жатыр. Оның қатарында «Қазақстан барысы», күрес, аударыспақ, теңге салу т.б. бар. Сондай-ақ әдебиетке де көңіл бөліп жатырмыз, жақында мүшайра өткіземіз. Осы мәселе бойынша бізде «Мирас» алаңы бар. Алдымен осында талқылаймыз да, содан кейін осы мәселелерге көңіл бөлеміз», - деді Бауыржан Байбек.

Жиында идеология мәселесі, саяси кеңістіктегі жаңалықтар жайы да сөз болды. Бауыржан Байбектің айтуынша, қоғамда әр түрлі пікірлердің айтылуы қалыпты құбылыс. Бұл - ашық қоғамның белгісі. Түрлі пікірлерді сараптау арқылы халық бір ортақ мәмлеге келеді. Бұл ретте Елбасы айтқандай, ең алдымен халыққа қызмет етуге басымдық беріп, көршілес елдермен тату тұруымыз керек.

Сонымен бірге партия төрағасының Бірінші орынбасары партия тарапынан елімізде алғаш рет өткізілгелі жатқан саяси технология – праймеризге де тоқталды. Бұл ашық праймериз елімізде сәуір-мамыр айларында өтпек. Аталған шара әр түрлі саладағы дарынды, білімді, елге жаны ашитын, халықты ойлайтын адамдардың билікке келуіне, ел ісіне араласуына мүмкіндік береді. Байбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір