• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:38:32
Алматы
+35°

2020 жылдың қаңтарында ұлттық қорға 50,6 млрд теңге түскен. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 2,2 есе төмен, деп жазады LS сайты.

Ұлттық қазынаға ең көп көлемде қаражат түсіргендер көшін Ақтөбе облысы (19,6 млрд теңге) бастап тұр. Екінші сатыда Маңғыстау облысы (12,7 млрд теңге) жайғасқан.

Атырау облысынан 5,6 млрд теңге, Қызылорда облысынан 5,3 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласынан 5,2 млрд теңге, Түркістан облысынан 1,1 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысынан 466,3 млн теңге, Алматы қаласынан 371,9 млн теңге түскен.

Жамбыл облысы 7,5 млн теңге, Алматы облысы 4,8 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысы 1,9 млн тенге, Қарағанды облысы 345 мың теңге, Ақмола облысы 91 мың тенге көлеміндегі қаражатты ұлттық қорға аударған.

Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан түсім жүзеге асырылмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір