• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:01:55
Алматы
+35°

Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қазақпарт сайты хабарлады. 

Қарағанды соты "Охотзоопром" инспекторы "Ерлан Нұрғалиевті өлтірді", қорықшы "Петр Ницыкты өлтіруге әрекет жасады" деп айыпталған Қызылорданың үш тұрғынына өмірлік түрме жазасын берді. Сот Қайрат Ақшанов, Берік Ахметов және Нұрлан Шүкілдіковтің кінәсі сотта дәлелденгенін айтты.

Осыған дейінгі сот тыңдауында прокурор барлық үш айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын беріп, оны қауіпсіздігі ерекше колонияда өтеуді сұраған болатын.

Сот қалған айыпталушылар – Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімовті (олар "заңсыз аңшылық құрды" деп айыпталған) әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімін естіген айыпталушылар эмоцияға беріліп, үкіммен келіспейтінін жеткізді.

2019 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысында браконьерлер "Охотзоопром" мекемесінің қорықшылары 52 жастағы Ерлан Нұрғалиев пен 58 жастағы Петр Ницыкқа шабуылдаған. Нұрғалиевке оқ тиіп, қаза тапқан. Ал Ницык жарақаттанған еді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір