• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:32:07
Алматы
+35°

Қордай ауданында ақсақалды соққыға жыққан күдіктінің ісі бірнеше аптадан кейін сотта қаралады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

– Қордайда қазір жағдай тұрақты, күндіз-түні ұлттық гвардия қызметкерлерімен жұмыс істеп жатырмыз. Полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш адамның барлығы ұсталды. Екі-үш аптада олардың ісі сотқа беріледі. Сонымен қатар ақсақалды ұрып-соққан адам да ұсталды. Енді медициналық сараптаманы алғаннан кейін сот жұмысын бастайды. Қай елде жүрсек те, ересектерге күш қолдану бізде болған емес. Бұл қылмыс. Қарт кісіні ұрғандарды табамыз, – деді ІІМ басшысы.

Еске сала кетейік, Қордай ауданындағы жанжал кезінде зардап шеккен ақсақал ауруханадан шығарылды. Дәрігерлерлердің айтуынша, жағдайы бірқалыпты. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір