• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Сәуір, 18:32:30
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

22 Ақпан, 2020 Оқиғалар

"Демпартия" митингісі: Полиция Иманбай мен Жүкеевті де алып кетті (видео)

Qamshy.kz

Бүгін, 22 ақпанда Демократиялық партия шақырған митингіге келген белсенділердің соңғы шоғырын полиция "Астана" алаңынан ұстап алып кетті. 

Қамшы тілшісінің хабарлауынша, митингіге жиналған 15-ке жуық белсенді "Астана" алаңындағы Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова ескерткішінің алдында өз наразылықтарын айтты. Олар Жанболат Мамайды босатуын талап етіп, саяси күрес жолын тоқтатпайтынын мәлім етті. Демпартия құру бойынша ынталы топ жетекшісі Жанболат Мамай абақтыдан шыққан соң партияны тіркеу жұмыстары жалғасады деді.

Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері мен прокуратура өкілдері олардан бұл жиындары заңсыз екенін айтып, тарауға шақырды.

Одан кейін полиция белсенділерді жаппай ұстап, көлікке тиеп алып кетті. Олардың арасында "Демократия" бастамашыл тобының жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың әйелі, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Инга Иманбай, "Демпартия" бастамашыл тобының негізгі мүшесі, саясаткер Төлеген Жүкеев те бар. 

Осыдан екі күн бұрын, 20 ақпанда "Демпартия" бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай азматтарды 22 ақпан күні сағат 11.00-де "Астана" алаңына келуге шақырған. Бірақ кеше, 22 ақпан күні кешке қарай Жанболат Мамайды Қаскелең қаласында полиция ұстап, Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Бүгін таңғы бесте оның "митингіге шақырды" деген айыппен үш тәулікке қамалғаны белгілі болды. 

Мамайды бостатуды талып етіп, аштық жариялаған азаматтар да бүгін таңғы 9.30-да ұсталды. 

Соңғы жылдары Қазақстанда билікке қарсы акциялар мен митингілер жиі болып жүр. Мұндай қарсылық жиындарына көбіне Францияда тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязов шақырады. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір