• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:36:52
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2020 Айтты-ей, бауырың!

Facebook.com

ҚОРДАЙ ӨЛЕҢ

Қордай - Қазақ қасиетіміз тек біздің.
Қордай -мазақ қасіретіміз тек біздің.
Қордай-Қордай, алқымыңа тепкіздім.
Қорлай-қорлай осы күйге жеткіздім.
Дархан ұлды жер құштырған көк темір.
Көк темірді көкірегіңнен өткіздім.

Қыршын Дархан,
Бұл дүниеде не көрдің.
Алдыңда еді келер күн де, көрер күн.
Қанқұйлыға сен тап болдың қапыда.
Бірінші боп сен өртендің, сен өлдің.

Отаныңды - топырағыңды сүйіп кеп.
Оққа секір!
Отқа секір!
Күйіп кет!
Жаннан қымбат,
“Заңнан” қымбат азаттық.
Шындығы жоқ шытырманды қиып кет!

Прокурор,
Полицей,
Сот,
Алқынған!
Жаға жеңің көмкерілген алтыннан.
Әділеттен қымбат емес шекпенің.
Орын тағың қымбат емес Халқыңнан.

Шындық пенен әділдіктен қалыс қап,
Шімірікпей ант ішесің нан ұстап.
Қай бағытқа бет түзедің қарыштап?
Қазағыңнан қадам сайын алыстап.

Сөзбен кімді сендіресің, Билік сен!
Шамданасың шынымды айтып киліксем.
Жау санайсың тік ұстасам еңсемді,
Құл көресің икеміңе иліксем.

Ашу Қордай!
Намыс Қордай!
От Қордай!
Басынғанның басын жұлар шоқпардай.
Қан көшеде таяқ жеген ПОЛИЦЕЙ
Жат қабаққа жаутаңдаған СОТ Қордай.

Ар ашуы, жан ашуы қыздырып,
Қахарланып, қаны тасып, үздігіп.
Қордай-Қордай атылған оқ, шашқан от.
қара түске ғайып болған ізгілік.
Қордай-Қордай АЛМАС ҚЫЛЫШ намысын
Сотталудан биік қойған ЖҮЗ ЖІГІТ!

Алмас Ахметбеккұлы

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қордай оқиғасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір