• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:41:45
Алматы
+35°

 

Біздің университет үшін ағымдағы оқу жылы өте табысты болды: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің ең үздік 207 университеттердің қатарына енді. «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болған ҚазҰУ – Қазақстан мен Орта Азия елдерінің ішінде және әлемдегі бар Түркі елдері академиясының ең үздік оқу орны. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілік ететін болды. Бұл шешім біздің университеттің тұрақты даму саласындағы  басшылық қызметінің табыстары мен нәтижесінің негізінде қабылданды. Шетелдік қандастарға, қазақ жастарына атамекенге оралып, ана тілінде білім алып, алға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асырғысы келген, ҚазҰУ-ды таңдаса үлкен мүмкіндікке ие болады. Қазақтың қара шаңырағы атанған ҚазҰУ – жоспарларын орындалуына мүмкіндік беретін, үлкен табыстарға бастайтын, жарқын болашаққа жол ашатын бірегей оқу ордасы.

Біздің университет, кафедра туралы толық ақпаратты ҚазҰУ-дың сайтынан htpp.www.kaznu.kz және сайттағы байланыс телефондары бойынша біле алады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесінің 27.02.2009 жылғы № 4 шешімімен 10.02.2009 жылғы ректордың № 20 бұйрығына сәйкес кафедра өз жұмысын жаңа бағытта бастады. Кафедрада оқу-әдістемелік бюро және эдвайзерлік кеңес жұмыс істейді. Негізгі мақсат – кешенді тестілеуге дайындау. Оқу үдерісінде З негізгі пән: оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математика және тыңдаушылардың таңдаған мамандықтарына сәйкес физика, химия, биология, география, жалпы тарих, қазақ әдебиеті пәндері оқытылады.

2001 жылдан бері шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге дайындап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесін жүзеге асырып келген кафедра ұжымы 2010 жылдан бастап Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан және Ауғанстан Республикасының білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде АИР тыңдаушыларына да мемлекеттік бағдарлама бойынша білім беруде.

Біздің университетте орталықтандырылған бірегей қызмет көрсету «Керемет» орталығы бар. «Кереметте» оқу-өндірістік үдеріске және студенттік кезеңдегі уақытша тіркеуге, қажетті медициналық көмек пен тексерілуге қатысты барлық құжаттарды ресімдей аласыздар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстаздары Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҚазҰУ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір