24 Ақпан, 2020 Саясат
Қазақстанда еңбек мигранттарының 28 пайызы Қытай азаматы
Соңғы мәліметтер бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 19 137 шетелдік азамат қызмет атқарып жүр. Оның ішінде 5 мыңнан астам шетелдік басшылық қызметте.
tengrinews.kz
Бұдан бөлек, ведомство таратқан ақпаратта мигранттардың көбі еңбек етіп жүрген қызмет түрі де аталған. Мәселен, шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%), тау-кен өнеркәсібінде 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%),
Сондай-ақ, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1 397 шетелдік (7%) қызмет етеді.
Соның ішінде еңбек мигранттарының 28 пайызы Қытай азаматы. Яғни, 5 266 адамға жетіп отыр. Ал қалған бөлігі Түркия – 1 935 (10%), Үндістан – 1 896 (10%), Ұлыбритания – 1 434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) елдерінен екені айтылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір