• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:10:18
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастар тіркелген жоқ. Бұл туралы ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

– Кейінгі кезде әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде көптеген қауесет тарап жүр. Бір өңірде немесе қалада осындай науқас адамды ауруханаға жатқызыпты деген ақпарат көп. Ондай қауесетке сенбеңіздер. Бізде тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн Орталық жедел штаб қызмет етеді. Сол себепті үрей туғызбас үшін біздің баспасөз орталығына хабарласуға болады, – деді ол.

Сондай-ақ ол шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Түсініспеушілік туындамас үшін орталық жедел штаб арқылы барлық ресми ақпаратты таратып отыратынын атап өтті. 

– Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас бізде жоқ. Бас дәрігердің қаулысы бойынша Қытайда 6-20 ақпан аралығында болған азаматтардың барлығы карантинге жатқызылады. Яғни, алдын алу шараларын күшейтіп отырмыз, – деді Диас Ахметшәріп.

 



 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір