• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:21:48
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі Токиодан келген жолаушылардан карантин үшін кешірім сұрады.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы 24 ақпанда Токиодан (Жапония) Skat әуекомпаниясының ұшағымен келген жолаушыларды 14 күнге карантинге жіберген қолайсыздығы үшін кешірім сұрайды. Шұғыл санитарлық-карантиндік шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін коронавирустық инфекцияның өршуімен байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Шешім жан-жақты қарастырылған барлық шарттармен және қатаң мерзімдермен бір уақытта қабылданғанын атап өту керек. Қазіргі уақытта бұл ұшақтағы барлық жолаушылар мен экипаждар Нұр-Сұлтаннан 7 шақырымда орналасқан медициналық мекемеде дәрігерлердің тәулік бойы бақылауында болады. Олардан анализ алынып, оның сынамалары талдану үшін Алматы қаласындағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Карантинге алынғандардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің facebook парақшасына жариялаған хабарламасында. 

Министр карантинге жатқызылғандардың вирус жұқтырмағанын айтты.

"Карантинге жатқызылған адамдар ауру адамдар емес! Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Гонконгтан, Ираннан, Италиядан келген жолаушыларға 14 күндік оқшаулау, үйде карантинде ұстау секілді шаралар қарастырылған. Бұл сіздің жақындарыңыздың мүддесі үшін жасалуда!" деп жазды Біртанов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір