• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:47:13
Алматы
+35°

Бұл туралы Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, аталған өндіріс орны Үлбі металлургия зауытының базасында салынып жатыр. Жаңа өндіріс ошағы Қытайдың  атом энергетика станциясына арналған жылу шығаратын құрылғы жасайды.

Алқа мәжілісте  «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Бауыржан Ибраев алғашқы өнімнің қай уақытта шығатынын да мәлім етті.

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан ұсынатын Қытайдың атом станциясына қажетті өнім  2021 жылдың бірінші жарты жылдығында шығады.

«Бүгінде «ҚазАтомӨнеркәсіп» қытайлық CGN компаниясымен бірлесе отырып, Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом энергетика станциясына арнап, жылу шығаратын құрылғы өндіретін зауыт құрылысын аяқтауға жақындады. Бұл жоба зауыттың өнімі жылына 200 тонна жылу шығаратын құрылғы сата алады деген кепілге ие. Алғашқы өнімді 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сертификациялау жұмыстарының бәрі аяқталған соң, сатылады деген болжам бар. Жылу шығаратын құрылғы өндірісі үшін базалық технология ретінде францияның Framatome технологиясы таңдалды», - дейді Бауыржан Ибраев.

 

Әрі қарай оқыңыз: Қазақстанда еңбек мигранттарының 28 пайызы Қытай азаматы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір