• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:19:11
+35°

Депутат Владислав Косарев Ақмола облысындағы Калачи және Красногорск қалаларының «ұйықтап жатқан» ауыл тұрғындарының мәселесін мәжіліс отырысында көтерді. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады. 

– Ақмола облысы, Есіл ауданы, Калачи және Красногорский ауылдарында қайғылы оқиға салдарынан тұрғындардың ұйықтап жатқандарына 4 жылдан астам уақыт өтті. Бұл аурумен 180-нен астам адам тіркелді, олардың көпшілігі әлі күнге дейін өздерін нашар сезініп, зардап шегуде. Осы мәселе туралы үкімет азаматтарды басқа жерлерге орналастырып,  арнайы ақша бөлінген болатын, – деп депутат бас прокурор мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасынан сұрады.

Ол халықтың тұрғын үй салуға бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын тексеруді талап етіп отырғандығын айтып өтті.

– Кеше олар бізде қабылдауда болды, ол жерде қазір 30 отбасы тұрып жатыр. Олар шамамен 1 млрд 800 млн теңге болғанын айтты, – деді депутат.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір