• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:19:09
Алматы
+35°

Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауылына жақын жерде 45 жолаушысы бар автобус аударылды. Автобуста 45 жолаушыдан бөлек 3 жүргізуші болған. Бұл туралы diapazon.kz  хабарлады. 

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус Шымкенттен Екатеринбургке бара жатқан. Жол апаты шамамен сағат 20.00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған. Автобус жолдың шетіне аударылып кеткен.

Автобустағы 3 жүргізуші - қазақстандық, ал қалған 45 жолаушы тәжікстандық.  Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушыларды құтқарушылар мен полицейлер эвакуациялаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір