• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:00:02
Алматы
+35°

«Жігерлі лидерлер – қуатты партия». Осылайша Nur Otan халықаралық тәжірибеге сай халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізуде. Соның бірі – ішкі партиялық сайлау, яғни праймериз,- деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Nur Otan басшылығы елдің түкпір-түкпірін аралап, праймериз туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Апта басынан бері жетекші партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент, Түркістан, Қызылорда өңірлерінде жұмыс сапарымен жүр. Ол шалғайдағы бірқатар елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, көкейкесті мәселелерді сол жерде талқылап, шешімін бірге қарастырды.

– Біз әрбір өңірде сәуір-мамыр айларында праймериз өткіземіз. Қазақстан бойынша 920 мың адамды ұйымдастырып, халыққа біз мүмкіндігінше өзіміздің саясатымызды түсіндіруіміз керек,- деді Б. Байбек.

Праймеризге көптеген саясаттанушы-сарапшылар қызығушылық танытып отыр. Бірақ қарапайым тұрғындар ол туралы нақты біле бермейді.

Сыр өңірінде жүрген Nur Otan хатшысы Арман Қырықбаев та өңірдің қоғамдық кеңес мүшелерімен, түрлі сала өкілдерімен, зиялы қауымымен, жастармен кездескенде бұл жаңалық жайлы айтып берді.

– Нақты айтсақ, праймериз деген – сайлау алдындағы ішкі сайлау. Бұйыртса, көктемде бүкіл елде кәдімгідей дода, дебат, үгіт-насихат жұмысы болады. Суырылып шыққан ең мықты, елге сөзі өтетін беделділер партия атынан үміткерлер тізіміне ілініп, үлкен сайлауға түседі. Дамыған демократияларда саяси партиялар осылай алдын-ала ішкі «сайлау» өткізіп алуға тырысады. Ол бір жағынан партияның өз ішіндегі мықтыларын іріктеуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, партиямен мұраттас, елдің сөзін сөйлейтін басқа да азаматтарды қатарға тартудың құралы,- деді Арман Қырықбаев.

Оның айтуынша, праймериз арқылы партияның кез келген мүшесі және партия қатарында болмаса да, елдік мүдде жолында онымен мұраттас барлық азаматтар, арнайы өтініш беріп, іріктеуге қатысуға, жеңсе тізімге ене алады.
Бұл – көкейдегі елге деген пайдалы ойларымды қалайша іске асырамын деп жүрген белсенді жандарға жақсы мүмкіндік болмақ.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Біздің партияның күші – ол жастар. Бүгін Сыр өңірінің жастарымен кездестім. Қызылорданың жас көшбасшылары мен жасотандықтарына Nur Otan-ның алға қойған мақсаттары мен қолға алған жұмыстары туралы айтып бердім. ⠀ «Nur Otan» – өзінің «Jas Otan» арнайы жастар қанаты бар еліміздегі жалғыз партия. Жүз мыңдаған жасты біріктірген ұйымның барлық өңірде филиалы бар. ⠀ Қазір партияның жастар қанаты басшылары еліміздің бүкіл өңірлерін аралауда. Кездесіп қана қоймай, нақты ұсыныстары мен проблемаларына ерекше ден қоюда. ⠀ Бір миллионнан астам студент жастардың кешегі күнге дейін шешілмей келе жатқан мәселелерін ұдайы көтеріп, оң шешілуіне ықпал етуде. Мәселен, осы жылдың 1 тамызына дейін еліміздегі 66 жатақхана жөндеуден өткізіледі. Бұл жаңалықты жастар жақсы қабылдады. ⠀ Сыр жастарының белсенділігі ұнады. Өздерінің көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлері мен мазалаған мәселелерін ашық айтып отырды. ⠀ Мәселен, жастарды баспанамен қамту проблемасын, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту керектігін, ауылдардағы кәсіп ашамын деген жастарға кедергілердің көптігін тілге тиек етті. Бұл мәселелердің барлығы жастар қанатының «Жастар – Отанға» бағдарламасын әзірлеу барысында міндетті түрде ескерілетінін жеткіздім. ⠀ Кездесу соңында жастар өздерінің бейресми шарасына шақырды. Барып, тілдесіп, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беруге тырыстым. Қуантатыны – бүгінгі жастар еркін ойлы, жаңашыл әрі батыл.

Публикация от Арман Қырықбаев (@arman_kyrykbayev)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір