• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:12:06
Алматы
+35°

Мемлекеттік қызметте 30 жыл қызмет еткен шенеунік, жас шенеуніктерді қылмыс жасамауға шақырды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Семей қаласының мемлекеттік қызмет басшылары қауіпсіздігі жоғары колонияға барып қайтты. ОВ 156\14 қауіпсіздігі жоғары колониясы – ауыр қылмыс және өте ауыр қылмыс жасаған қызметкерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар мемлекеттік қызметкерлер жазасын өтейтін жалғыз мекеме. 

Шенеуніктер сотталғандардың асханасы, жатын бөлмесі және жұмыс орындарында болып, олармен кездесті. 

Тұтқындардың бірі, бұрынғы шенеунік қазіргі шенеунік жастарды қылмыс жасамауға шақырды. 

– Мемлекеттік қызметте 30 жыл көлемінде лауазымды қызметкер және  адвокат болдым. Кейін "бопсалау" қылмыстық ісі бойынша 8 жылға бас бостандығымнан айырылдым. Оның 3 жылын өтедім. Сіздер этикаға бағындыңыздар, адал қызмет етіңіздер. Сыбайлас жемқорлыққа барған жоқсыздар, түрмеде отырмадыңыздар. Естеріңізде болсын, жеңіл ақшамен сіз өз отбасыңызды, жақындарыңызды бір сәтте-ақ, жаман атты ете аласыздар. Өз мансабыңыз бен жақындарыңыздың мансабына қиындықсыз нүкте қоясыздар, – деп өз жазасының 3 жылын өтеген шенеунік жас шенеуніктерге үндеу жолдады. 

Қаңтар айынан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа бармауы үшін республика көлемінде бірнеше экскурсия өткізген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір