• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:56:06
Алматы
+35°

Respublika қозғалысы facebook парақшасында Қазақстанның Демократиялық партиясымен бірге 1 наурызға жоспарланған митингке шығатынын мәлімдеді.

"Әр азамат қоғамға, адамдарға зиянсыз, заңға, демократия принциптеріне қайшы келмейтін кез келген көзқарасты ұстануға, таңдауға қақылы. Сондықтан, Дулат Ағаділдің қазасы – жеке адамның немесе қозғалыстың емес, Қазақстанның адам құқығын басты құндылық санайтын барша азаматының ортақ қайғысы деп есептейміз.

Талабымыз:

1. Дулат Ағаділдің өліміне кінәлілер заң бойынша жазасын алуы керек. Оның өлімі – оны тұтқындау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауының салдары деп есептейміз;

2. Қазір түрмеде отырған барлық саяси тұтқындарды босату.

3. Қазақстанда саяси көзқарастары үшін қудалауды, қысым көрсетуді тоқтату;

4. Осындай заң бұзуларға қарсы жауапкершілікті күшейту, әділ, тәуелсіз сот жүйесін құру.

5. Халықпен диалог жасанды, көзбояу кеңестерде жүруі мүмкін емес. Еститін үкімет қыртқан сөз болмай, іс жүзінде дәлелденсін. Халықтың шын даусын естігісі келсе, еркін, бейтарап алаңға келсін.

Қазір саяси ұстаным, көзқарастардың айырмасына қарап бөлінетін уақыт емес. Біз талап ететін өзгерістер мен қол жеткізгіміз келетін мақсат ортақ. Өмір сүру, таңдау, саяси және басқа да еркіндігімізді қорғауға дайынбыз. Қазіргі билік бұл құқықтарымызды қамтамасыз етуге қабілетсіз, тіпті мүдделі емес екенін толық дәлелдеп бітті. Қазір үнсіз қалсақ, келесі құрбан кез келгеніміз болатынымызды және ол үшін ешкім жауап бермейтінін әрқайсымыз ұғатын кез жетті.

Еркіндік қылмыс емес!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір