28 Ақпан, 2020 NEWS

Прокуратура Ағаділдің мәйіті түсірілген видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде тергеу изоляторында қайтыс болған елордалық белсенді Дулат Ағаділдің мәйіті түсірілген видео тараған. Бүгін аталмыш видеоға қатысты Бас прокуратура брифинг өткізді.

Бас прокурордың орынбасары Елдос Келімжанов аталмыш видео Дулат Ағаділдің туыстарының рұқсатынсыз жарияланғанын ескертті. 

– Желіде тараған видеода мәйітте көгерген дақтар бары туралы айтылады. Оны дене жарақаты деп айтады. Мұнда оның пайда болу себебін түсіндіре алатын мамандар бар. Мәйіттегі дақтар - бұл биологиялық өлімнің белгілері. Медициналық тілмен айтқанда, дақтар адамның жүрегі тоқтағаннан кейін кемінде бір сағат өткеннен кейін пайда болады, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Қелімжанов.

Сондай-ақ Елдос Келімжанов сот медициналық сараптамасына Дулат Ағаділдің адвокаты мен оның ағасы қатысқанын айтты. 

– Марқұмның ағасы мен адвокат Азанов сараптама қорытындысына шағымданған жоқ. Мәйітті сараптау мен зерттеу барысы видеоға түсірілді. Этика талаптарына байланысты және туыстары рұқсат бермегендіктен видеоны жариялай алмаймыз. Бұған дейін сараптаманың алдын ала қорытындысын айтқанбыз. Ағаділ жүрек қантамырларының жетіспеушілігінен қайтыс болған, – деді Келімжанов.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір