• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:54:43
Алматы
+35°

Қазақстандағы Қытай елшілігі коронавируспен күресте Қытай алдыңғы шепте тұр деп есептейді. Бұл туралы елшілік Twitter-дегі парақшасында жазды. 

"Коронавируспен күресте Қытай алдыңғы шепте тұр. Соққының жойқынын көрді.  Сонысымен ол әлем алпауыттары мен ДДС ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың сеніміне ие болды. ДДС ұйымы экспертінің айтуынша, Қытай әлем үшін бағалы уақытты ұтты. Әлем Ухань қаласының алдында қарыздар" делінген елшілік жазбасында. 

Кейін ол әр нәрсенің өз уақыты бар екенін, вирус ерте ме, кеш пе жоғалатынын жазған.

Коронавирус Уханьдағы теңіз өнімдері базарынан тараған. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, базар қаңтардың 1-інде жабылғанға дейін онда теңіз өнімдері ғана емес, жарғанат, тауық, қоян мен жылан заңсыз саудаланып келген. Қаңтардың 22-сі күні "Медициналық вирусология" журналында зерттеу жариялаған ғалымдар "вирустың жыланнан тарағанын" жазды. Мұны растайтын не жоққа шығаратын зерттеулер әлі жарияланбады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір