• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:04:08
Алматы
+35°

Саясаттанушы, Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров бейбіт жиналыстар туралы заң жобасын талқылау - азаматтар мен биліктің қарым-қатынасының жаңа моделін жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлан Саиров «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына қатысты сынға тоқталып өтті.

«Сын еліміздің қоғамдық өмірінің бір бөлігіне айналуы керек екенін түсінуіміз керек. Біз оған үйреніп, оны қабылдауымыз қажет. Сын бұрын да болған, қазір де бар және бола да береді. Менің ойымша, бүгінгі таңда заң жобасын талқылаудың өзі азаматтар мен биліктің қарым-қатынасының жаңа моделін жасайды», - деді Ерлан Саиров елордада заң жобасын талқылау барысында.

Ол Мемлекет басшысы Twitter парақшасында заң жобасы бойынша өз пікірін білдіргені туралы айтты.

«Мемлекет басшысы кеше ғана Twitter парақшасында заң жобасы бойынша өз пікірін білдірді. Бұл өте маңызды. Заң жобасын азаматтар ғана емес, Мемлекет басшысы да талқылайтынын көріп отырмыз. Бұз заң біздің көз алдымызда өзгеріп, жаңа сипатқа ие болып жатыр деп санаймын. Менің ойымша, бізде хабарландыру жүйесінің принципін толық қамтамасыз ететін заң болады», - дейді Ерлан Саиров.

Сондай-ақ, ол бейбіт шеруге қатысушылар санына тоқталды.

«Талқылауға қатысатындарға «Митингке 251 адам келсе не болады?« деген сұрақ қоямын. Мұндай сұрақтарға белгілі бір жауаптарымыз болуы керек. Заң бойынша қатысушылар саны артып кетсе, митинг тоқтатылуы керек. Бұл мәселені жан-жақты жетілдіріп, қатысушылар санына қатысты ойлануымыз керек», - деген пікір білдірді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Митинг туралы заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір