• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
04 Сәуір, 08:16:19
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

01 Наурыз, 2020 NEWS

"Оян, қазақ, оян!" Алматыда өтпей қалған митингіде ондаған азамат ұсталды (видео)

Алматыдағы "Республика" алаңында полиция азаматтарды ұстап барады

Қазақстандағы тіркелмеген саяси ұйымдар митинг жариялаған 1 наурыз күні Алматыда ондаған адам ұсталды. Ұсталғандардың арасында оппозициялық "Дат" газетінің жетекшісі Ермұрат Бәпи, тәуелелсіз жураналист Бақытжан Қосбармақов, журналист Әсел Жаңабаев, белсенді Бесжан Күмісбек пен Даная Қалиева бар. 

"Митинг өтеді" деген Алматыдағы "Республика" алаңы 1 наурыз күні толығымен полицияның қоршауында болды. Алаңға маңындағы Желтоқсан, Абай, Сәтбаев, Тимирязев, Абылай хан, Назарбаев көшелерінің бойында полиция алаңға бармақ болған азаматтарды жібермей тұрды.

ва

явп

вар

ява

имлор

Полиция "Республика" алаңындағы "Тәуелсіздік" монументінің қасында ондаған адамды ұстады. Тәртіп сақшылары журналистерге оларды не себепті ұстағандарын түсіндірген жоқ. Ұсталғандардың кейбірі "Шал, кет", "Оян, Қазақстан" деп айғайлады. уер

Наурыздың 1-і күні Алматыдағы адам көп жүретін "Республика" сарайының алдында да бір топ полиция тұрды. 

рми

ттт

итии

Бұған дейін елде "экстримистік ұйым" деп танылған, бірақ Еуропарламент бейбіт оппозиялық ұйым деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) ұйымы, тіркелмеген "Демпария" белсенділері, "Respublika", "Oyan, Qazaqstan" қозғалыстары дәл осы күні Қазақстанның барлық өңіріндегі қала мен облыс әкімдіктерінің алдында бейбіт митингіге шығатындарын мәлімдеген. Қазақстанның бас прокуратурасы ақпанның 28-і күні наурыздың 1-і күні болатын митингіні "заңсыз акция" деп,   қазақстандықтарды ол акцияларға қатыспауға шақырған.

 

 

Ілмек сөздер: митинг Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір