• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:12:26
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданына жұмыс сапарымен барып, ақпанда этникалық қазақтар мен дүнгендер арасында жанжал болған ауылдардың бірі – Қаракемер (кілең қазақтар тұратын ауыл) ауылының тұрғындарымен кездесті. Тоқаевтың сапары туралы Ақорда сайты жазды. 

Ақорданың жазуынша, кездесу барысында президент тұрғындар арасында болған жанжал "мемлекетке нұқсан, ел абыройына зиян келтіргенін" айтып, "келешекте мұндай қасіретті болдырмау үшін тиісті шара қолдануымыз қажет" деп атап өтті. 

Кездесу кезінде Тоқаев жанжалдан соң Жамбыл облысының басшылығы не себепті ауыстырылғанын түсіндірген. 

"Қақтығыс болған жерде ешқашан, ешқандай даму болмайды. Бұл – заңдылық. Өкінішке қарай, облыс басшылары бұл заңдылықты дұрыс түсінген жоқ. Сондықтан облыс басшылары, соның ішінде құқық қорғау органдарының басшылары толығымен ауыстырылды, қызметкерлер жұмыстан босатылды. Жаңа басшылар тағайындалды. Солардың арасында Бердібек Сапарбаев бар. Бұл азаматты жақсы танисыздар. Тәжірибесі мол мемлекеттік қызметші. Оның алдында тұрған мақсат – тұрақсыздыққа түрткі болатын жағдайларды түбегейлі жою және өңірдің дамуына серпін беру" деді ол тұрғындармен кездесуде.

"Ауданда бір топ адам белсенді түрде контрабандамен айналысып жүрген. Бұл – белгілі нәрсе. Осы іске басқа топ та қатысқысы келген. Бір сөзбен айтсақ, заңсыз табыс көзі үшін екі қылмыстық топтың арасында текетірес пайда болған. Бұл текетірес салдарынан көп адам зардап шекті. 11 адам қаза тапты. Оны ашық айту керек. Енді құқық қорғау органдарының алдында тұрған мақсат – барлық қылмыскерлерді ұлтына қарамай, заңға сәйкес жазаға тарту. Онсыз елімізде тәртіп болмайды"  деді президент.

Тоқаев жиында сөйлеген сөзінде "ашық айту керек" деп  айтқанымен, 11 адамның өліміне себеп болған "жанжалдасқан екі контрабандалық топты" нақты атамады. 

ваи

Ақпанның жетісінен сегізіне қараған түні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше ауылда қазақтар мен дүнгендер жанжал болып, ресми ақпарат бойынша, 11 адам қаза тауып, 180-нен аса адам зардап шеккен. Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдарында ресми мәлімет бойынша, 20 сауда орны мен 39 үй бүлініп, 47 көлік өртенген.

Ресми мәлімет бойынша, тұрғындар арасындағы жанжал этникалық дүнгендердің қазақ қария мен оның екі ұлын ұрып-соғуынан кейін басталған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір