• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:27:35
Алматы
+35°

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы шаралар қаралды. Мамин коронавирусқа байланысты министрлік өкілдеріне тапсырма берді. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үкіметке халықты коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын күшейтуді тапсырды. Әлемде жағдай ушығып кетті. Вирус 50-ден астам елге таралып үлгерді және өте белсенді түрде таралуда. Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам жоқ. Сондықтан барлық алдын алу шараларын жалғастыру қажет. Вирус сондай-ақ әлемдік экономикаға, атап айтқанда, өнеркәсіпке, транзитке, сауда мен экспортқа кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдау қажет" деді Мамин. 

Сондай-ақ үкімет басшысы коронавирус таралған елдер үшін транзиттік, электрондық, туристік визаларды беруді тоқтату қажет екенін айтты. 

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронаровирус белсенді түрде таралып жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Сондай-ақ, біздің фармацевтикалық кәсіпорындарда медициналық маскалар мен басқа да қорғаныс құралдары өндірісін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі қолайсыз елдердің азаматтары үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді тоқтатсын" деді үкімет басшысы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір