• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:43:36
Алматы
+35°

"Ашық НҚА" порталында Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексе енетін түзетулердің жобасы жарияланды. Оған сәйкес қылмыстық кодекстен жала жабу бабы алынып тасталып, айыппұл сомасы төмендетілмек.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс қосымша – 73-3 бабымен толықпақ. Пункттегі 1 бапта "абырой-беделге нұқсан келетін немесе репутацияны бұзуға әкеліп соқтырған қасақана жалған дерек таратқаны үшін жеке тұлғаға 160 айлық есептік көрсеткіш түріндегі айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамалады" делінген. Лауазым иесіне 550 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке қамау жазасы қарастырылған.

2 бапта публика алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялық желілерді пайдалану арқылы жалған деректер таратқаны үшін жеке тұлға үшін 180 АЕК көлеміндегі айыппұл салу немесе 20 тәулікке қамау, лауазымды тұлға үшін 650 мың АЕК көлеміндегі айыппұл немесе 25 тәулікке қамау қарастырылған.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстегі 174-бапты өзгерту мен толықтыру ұсынылып отыр. Оған сәйкес "қоздыру" сөзі "жағу" сөзімен алмастырылмақ. Бұл бап бойынша 2 мыңнан 7 мыңға дейінгі АЕК мөлшеріндегі айыппұл немесе 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтан айыру көзделген.

Түзетуді талқылау 16 наурызға дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір