Ирандық шенеунік Мохаммад Мир-Мохаммади коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады РИА ақпарат агенттігі.

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, ирандық шенеунік дүйсенбі күні қайтыс болған. Ол Иранның жоғарғы көшбасшысы жанындағы кеңесші орган қабылданған шешімдердің орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің мүшесі болған.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын коронавирустан Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хоссровшахи 81 жасында коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеген. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Иранда коронавирус жұқтыру дерегімен 978 адам тіркелген, оның 54-і көз жұмды, ал 173 адам денсаулығы бір қалыпты. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір