• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:01:39
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2020 Саясат

"Басқаша сөйлесетін боламыз". Сапарбаев жамбылдық шенеуніктерді қатаң сынады

Қордай оқиғасынан кейін Жамбыл облысына әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаев тағы да ашуға мінді. Тіпті, ол шенеуніктер дұрыс жұмыс жасамаған жағдайда "басқаша сөйлесетін боламыз" деп те ескерту жасады.

Фото: camonitor.kz

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі дерегін негізге алып хабарлайды.

Белгілі болғандай, Бердібек Сапарбаев облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте әлеуметтік салаға жауапты басқармалардың жұмысын сынға алған. Себебі, әлі күнге дейін кепілді әлеуметтік көмек берілмей келеді мұнда.

«Егер осы аптада әлеуметтік пакеттерді беру шарасы нақты қолға алынбаса, басқаша сөйлесетін боламыз», деді аймақ басшысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына.

Сондай-ақ Бердібек Мәшбекұлы өңірдегі мәдениет, спорт саласында да жұмыс ақсап тұрғанын, өз елі өз кемеңгері мен мақтанышқа айналған тұлғаларын ескере алмай отырғанын, тіпті, Абайдың 175 жылдығын тойлаудың өзі төмен деңгейде өтіп жатқанын айтып өткен.

Бұдан соң жастар мәселесіне баса мән беру керектігін, ол үшін ауылдық жерге дейін спорт үйірмелері ашылуы, ол үшін арнайы штаттар тағайындалуы керектігін де жеткізді.  

«Жастар неге қоғамдық тәртіпті бұзады? Үйі мен күйі болмағандықтан! Егер оларға арналып әр түрлі демалыс шаралары ұйымдастырылып отырса, олардың бұзақылық жасауға уақыты болмайды», - деді Б. Сапарбаев.

Ол ол ма, су жаңа әкім еріктілердің тек көшелерді тазалау және қарияларға көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмауы керек екенін атады.

Дәлірек айтқанда, биылғы жыл иелері өмірдің барлық салаларына тартылуы тиіс дейді. Әрі "әмбебап" топқа әлгіндей шаруаларды бөліп беру ісін ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып, бақылап отыруы міндеттеді.

«Адамның әл-ауқаты мен көңіл-күйі оның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына байланысты. Мұның бәрі ойдағыдай атқарылса, тұрғындар тарапынан наразылықтар болмайды», - дейді Бердібек Сапарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір