• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:02:38
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Ақорданың Facebook парақшасында хабараланды. 

Ол хабарламада кеңес құрамына мәжілісі депутаты Бақытбек Смағұл, заңгер Марат Башимов, "Мазмұндама" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков және "Талбесік" көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова, заңгер Айнұр Сәбитова кіргені айтылады. 

Ал кеңес құрамынан Эльвира Әзімова, Аружан Саин, Болат Палымбетов, Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Әміртаев шығарылған.

Ақорданың Facebook парақшасы таратқан хабарламада кеңестің келесі отырысы осы жылдың сәуір айында өтетіні айтылған.


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылып, оның құрамына бастапқыда 44 адам мүше болған.  Кеңестің алғашқы отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте өтті. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлттық кеңес

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір