03 Наурыз, 2020 NEWS
Сурет ашық дереккөзден алынды
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Қазақстандағы мемлекеттік арналардың бірі Хабар 24 хабарлады.
Хабар 24 арнасы таратқан ақпаратқа қарағанда, Оңтүстік Кореядағы ауруханалардың бірінен полицияға коронавирус белгілері анықталған азаматтың қашып кеткені туралы хабар түскен. Дәрігерлердің сөзінше, ол тест тапсырған, сосын дәретханаға шығып, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері Қазақстан азаматының аты-жөнін айтып отыр.
Полицияның дерегінше, екі күн бұрын қазақстандықтан COVID-19 вирусына байланысты сынама алынған. Ал бүгін алынған сынаманың қорытындысы бойынша ол адамнан коронавирус белгілері анықталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір