• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:09:53
Алматы
+12°

04 Наурыз, 2020 Саясат

Ерлан Тұрғымбаев: "Олар әлі күнге арандатушылардың ықпалында жүр"

"Заңды сыйлайтын азаматтар үшін алаңдайтын ештеңе жоқ. Ал митингіге жұмысқа барғандай шығатын жекелеген азаматтар қоғам тыныштығына қауіп төндіреді. Олар әлі күнге арандатушылардың ықпалында жүр"

Фото: polisia.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомстволар мен аймақтық полиция басқармаларының басшыларымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz дерегіне сүйеніп.

Министрдің айтуынша, полиция алдағы уақытта да митинг кезіндегі тәртіп бұзу әрекеттерімен күресуді жалғастырады.

"Полиция үшін ең бастысы – қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп. Заңды сыйлайтын азаматтар үшін алаңдайтын ештеңе жоқ. Ал митингіге жұмысқа барғандай шығатын жекелеген азаматтар қоғам тыныштығына қауіп төндіреді. Олар әлі күнге арандатушылардың ықпалында жүр және өкінішке қарай, бейбітшілік пен тұрақтылық біз үшін ең басты құндылық екенін, оны қастерлеп ұстау қажеттігін түсінбейді. Сондықтан полиция алдағы уақытта да еліміздің және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолында қызмет атқара береді. Елдегi бейбiтшiлiк пен Қазақстан халқының тыныштығын қорғау – бұл біздің басты міндетіміз! – деді Е.Тұрғымбаев.

Осылайша, ІІМ басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрақсыздық пен заң бұзушылыққа қатысты кез-келген әрекеттің жолын кесуді жалғастыратындығын атап өтті.

Сонымен бірге министр жиынға қатысқан басшыларға заңға сәйкес полиция қызметкерлерін заңсыз және арандатушылық әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуді тапсырды.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір