• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:41:18
Алматы
+35°

Жапонияның олимпиадалық министрі Сейко Хашимото Токио-2020 ойындары коронавирустың өршуіне байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады bbc.com.

Парламент алдында сұраққа жауап берген Сейко Хашимото Токио мен Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) арасындағы  келісім-шарт ойындарды 2020 жылы өткізуге шақыратынын мәлімдеді. Алайда ойындарды кейінге қалдыруға рұқсат алу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Десе де кейінге қалдыру мәселесінді соңғы сөз ХОК-ке тиесілі.

Хашимото елдің ойындарды жоспарға сай өткізу үшін барын салып жатқанын айтты.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах ұйым Токионың меселені шеше алатынына сеніммен қарайтынын жасырмайды. Ол барлық спортшыларды дайындықтарын үлкен сеніммен және толықтай жалғастыруға шақырды.

Токио олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуге тиіс. 

Қытайда пайда болған коронавирус бүгінде 60-тан астам елге таралып, осы уақытқа дейін 3000-нан астам адамның өмірін қиды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Токио-2020 коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір