• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:14:29
Алматы
+35°

Иранның өнеркәсіп және сауда министрі Рыза Рахмани коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады. 

Агенттіктің жазуынша, қазір министр Рохмани жан сақтау бөлімінде, жағдайы бірқалыпты. 

Иранда бұған дейін де көптеген шенеуніктер вирус жұқтырған. Олардың арасында Иранның вице-президенті Масума Ибтикар, Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Иреч Хирчи, жедел жәрдем басшысы Пирхосейн Куливанд және парламенттің 23 депутаты бар.

Соңғы дерек бойынша, Иранда 2336 адам  коронавирус жұқтырып, 77 адам көз жұмған. Иран – Италия, Оңтүстік Корея сияқты коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатқан елдер қатарында.  
 
 
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір