07 Наурыз, 2020 Саясат
ОПЕК+ саясаты Қазақстан мен Ресейді қақ жарды
Қара алтыннан "қасығы" құрғамаған Қазақстан мен Ресей мұнай өндірісінде құдайы көршілік "қағидаттан" өзіме болсынға ауысқандай. Дәлірек айтқанда, мұнайдың бағын беррелге байлап, қолында шарт ұстап отырған Опек+ талабына Қазақстан көніп, Ресей тіс-тырнағымен қарсы болуда.
Фото: ашық ақпарат көздерінен
Мәселен, «Kazservise» компаниялар одағы мәліметіне сүйенсеңіз, түстіктегі көршінің мұнай өндірісінде ОПЕК+ ұстанымын мүлде тыңдағысы жоқ. Яғни, қазіргі ОПЕК+ келісімі бойынша ұйым елдерінен биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 1,7 млн.баррельге азайту ұсынылған.
Ал Путин үкіметі тәулігіне 2,2 млн баррелден азайтуға қарсы. Мұндай жағдайда Мәскеу тек қолданыстағы мәмілені ұзартуға ғана келісетінін, бұл ұстанымның өзгермейтінін жеткізген.
Ең қызығы, өз дәстүрі бойынша көршінің қабағын "танудан" жазбай келген Қазақстан осы ретте ОПЕК+ саясатын қолдайтынын ашық айтты. Бұл туралы Энергетика Министрлігі ресми мәлімдеме жасап хабарлаған болатын.
"Қазақстан ОПЕК+ елдерімен әріптестік қарым-қатынаста және әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру саясатын ұстанады" делінген министрлік баспасөз қызметі хабарламасында.
"Ұстану" демекші, мамандары мұндай түйіткілді мәселеде ОПЕК+ елдері уағдаластыққа келмесе, мұнай бағасы мейлінше құлдырауы мүмкін екенін айтады.
Осылайша, ОПЕК+ саясаты Қазақстан мен Ресейді ресми ұстаным тұрғысында қақ жарып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір