10 Наурыз, 2020 NEWS

"Шындыққа жанаспайды": Ұлттық банк түсініктеме берді

Наурыз айының 9 жұлдызындағы доллар бағамының күрт өсуіне байланысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тараған. Соның бірі  "10-13 наурыз аралығында валюта айырбастауға тыйым салынады" деген пікір еді. Алайда бұл сөз жалған болып шықты.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметі дерегін негізге ала отырып хабарлайды.  

Банк хабарламасында алюта айырбастауға мораторий жарияланғаны жайлы жаңалыққа түсініктеме де берілген.

«Қолма-қол ақшамен айырбастау операцияларын жүргізуге толық мораторий енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Таратылған құжатта Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы, мөр мен шығыс нөмірі жоқ», – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Үкімет пен Ұлттық банк үндеу жолдады

Сонымен бірге, аталған банк халықты жалған ақпараттарға алданып, негізсіз дүрлікпеуге шақырады. Әрі бұл жағдайға байланысты барлық ақпараттың ресми сайтта жария етіліп отыратыны да айтылған.  

Еске сала кетейік, 9 наурыз күні доллар күрт қымбаттағаннан кейін, әлеуметтік желілерде Ұлттық банк басшысының өкімі делінген ақпарат тараған болатын. Онда 10-13 наурыз аралығында айырбастау опреацияларын жүргізуге толық тыйым салынғаны айтылған.

Оқи отырыңыз: ОПЕК+ саясаты Қазақстан мен Ресейді қақ жарды

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір