• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:54:49
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2020 Саясат

Назарбаев пен Путин тағы кездесті

ОПЕК+ әуресі мен коронавирус "салқынынан" доллар бағамы ұшып тұрған тұста Қазақстанның экспрезиденті Назарбаев пен Ресей президенті Путин Кремльде тағы да кездесті. Тіпті, ресми ақпарат құралдарында "келіссөз жүргізді" деп те хабарланды бұл жолығу туралы.

Фото: politic.bugin.kz

Алайда бұл кездесудің жай-жапсары туралы әзірге саяси нақты болжам жасалған жоқ. Әдеттегідей екіжақты кездесудің қысқа-нұсқа баяны Elbasy.kz сайтында жария етілді.

Ресми ақпарат дерегі бойынша, Н. Назарбаев Қазақстан мен Ресей сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеген. Сонымен бірге, біте қоймас "әлаулайым" атанған ЕАЭО мәселелері де қопсытылған. Екеуара.

"Интеграциялық бірлестік жұмыс істейді. Ұйымның болашағы зор деп санаймын. Құрметті төраға ретінде мен одақтың одан әрі дамуына ықпал ететін боламын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан эксбасшысының "Ықпал ететін боламын" деген сөзінен соң Владимир Путин де қарап қалмаған сыңайлы. Өз кезегінде ол Назарбаевтың интеграциялық үдерістерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өткен. 

Сөйткен де өзінің Қазақстанның қазіргі президенті Тоқаевпен жиі кездесіп тұратынын айтқан:

"Біз президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі кездесеміз. Екі ел үкіметі табысты жұмыс істеп жатыр. Өткен жылы тауар айналымы 19,7 пайызға өсіп, 20 млрд долларға жетті. Бұл жақсы көрсеткіш, - деді Ресей Президенті.

Ал тәуелсіз сарапшылар бұл мәселеде Путин үкіметі теріс қабақ танытып, Қазақстан қолдаған ОПЕК+ шешімі, яғни, мұнай өндіру көлемін қысқарту төңірегіндегі даулы мәселе кездесуде айтылмауы мүмкін еместігін, бұндай болған жағдайда Мәскеу бір одақта (ЕАЭО) байланған елдер арасында мұнай саясаты да ортақ болуы керектігін ескертті деген болжамда.

 

Әрі қарай оқи отырыңыз: ОПЕК+ саясаты Қазақстан мен Ресейді қақ жарды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір