ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы деректерді ұсынды.
ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.
⠀
4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1217, 1 «б» санаты бойынша – 189, 2 санат бойынша – 3244 адам медициналық бақылауда болды.
⠀
Барлығы 676 адам бақылаудан алынды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр.
⠀
11 наурызға барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 20 адам, 2-санат бойынша – 36 адам, 3-санат бойынша – 34 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай
Дүние жүзі бойынша 117 мемлекетте 38140 адам коронавирустық инфекция жұқтырды.
Эпидемия ошағы Қытайды қоспағанда 1135 науқас қайтыс болды:
Италияда – 463, Иранда – 291, Оңтүстік Кореяда – 60, Круиз лайнерде – 7,
Жапонияда – 10, АҚШ – 30, Францияда – 33, Испанияда – 36, Иракта – 7, Гонконгта – 3, Филиппинде – 1, Таиландта – 1, Австралияда – 3, Сан-Маринода – 2, Ұлыбританияда – 6, Нидерландта – 4, Тайванда – 1, Аргентинада – 1, Мысырда – 1, Германияда – 2, Канада – 1, Ливанда – 1, Мароккода – 1, Швейцария – 2 адам.
⠀
Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 13,7 пайызға, өлім-жітім – 2,9 пайызға артып отыр.
Қауіптілігі жағынан 1 «а» санатына кіретін елдер:
Оңтүстік Кореяда – 7513 адам індетке шалдыққан; Иранда – 8042 жағдай тіркелген.
1 «б» санатына кіретін елдер:
Италияда – 10149 адам жұқтырған.
Ал Қытайда – 80 мың 778 коронавирус жағдайы тіркелген, оның ішінде – 3 мың 158 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 61 мың 475 адам сауығып шығарылды (76,1%). Стационарларда 16 мың 145 науқас қалып отыр.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.
Пікір қалдыру