Путин тағында 2036 жылға дейін отыруы мүмкін

/image/2020/03/11/crop-97_28_489x869_kmo_174315_00229_1_t218_230715.jpg

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Рейтер дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

Мұндай маңызды оқиға үшін Думаның 383 депутаты дауыс берген. Ең қызығы, оған қарсы шыққандар болмай, тек 43 адам ғана қалыс қалды делінген.

Нәтижесінде, Мемлекеттік дума Конституцияға түзету туралы заңды мақұлдап, қазіргі президентті екі мерзімге сайлану құқығына ие еткен.

Сонымен бірге, жаңа заң жобасында Конституцияға 200-дей түзету енгізу көзделген. Бұл түзетулер арасында Путиннің өткен-кеткен президенттік мерзімдерін есептен алып тастайтын баптар да бар.

Яғни, қазіргі мемлекет басшысы президенттікке үміткер болған жағдайда оның бұрынғы президенттік мерзім көрсеткіші нөлге тең болмақ.

Ал бүгінгі уақытқа дейінгі қолданыстағы негізгі заң бойынша президент Путиннің кезекті алты жылдық мерзімі 2024 жылдан кейін аяқталуға тиіс болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар