11 Наурыз, 2020 NEWS
Фото: prosports.kz
Мәдениет және спорт министрлігі facebook-те ешқандай мәдени-спорттық іс-шараның өтуіне тыйым салынбағанын мәлім етті.
"Бүгін БАҚ-та жарияланған «Мәдениет және спорт министрлігі елімізде барлық мәдени-спорттық іс-шараның өтуіне тыйым салды", деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Мұндай шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекетаралық комиссия қабылдайды.
Аталған комиссия коронавирус індетінің өршуіне байланысты спортшыларымызды халықаралық бәсекелерге қатыстырмау туралы ұсыныс айтқан.
Алайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ел аумағында бұқаралық сипаттағы іс-шараларға тыйым салған жоқ" делінген министрлік хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір