• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:52:46
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2020 NEWS

Коронавирус: Ухань дәрігерлері маскаларын шешті

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты эпидемия деп атады деп дүрлігіп шектеулер қойып жатқанда, Қытайдағы өткір дерт ошағы - Ухань дәрігерлері салтанатты түрде маскысын шешті.

Фото: дереккөздерден скриншотталған

Бұл туралы  Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости агенттігі дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

Белгілі болғандай, Уханьда індет жұқтырған науқастарды қабылдау үшін жедел дайындалған 14 уақытша аурухананың барлығы рет-ретімен жабылған.

Мәселен, олардың ішінде Учан уақытша емханасы соңғысы болып жабылып отыр.

Еске сала кетейік, Уханьда коронавирустың өршуіне байланысты бірсыпыра стадиондар мен көрме орталықтары уақытша ауруханалар ретінде қайта құрылған болатын. Осы уақытқа дейін олардың біраз бөлігі жабылғаны да ресми БАҚ бетінде хабарланған.

 

 оқи отырыңыз:  Қытай басшысы: "Коронавирустың таралуы іс жүзінде тоқтатылды" (видео)

 
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір