• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:07:51
Алматы
+35°

Германиядан келген екі Қазақстан азаматында коронавирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан брифинг барысында айтты.

– Біз, Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқару органдары коронавирустық инфекцияны Қазақстанға кіргізбеу үшін көп шаралар іске асырдық. Бірақ өкінішке қарай, қайта-қайта тексеру нәтижесінде бүгін Германиядан келген екі Қазақстан азаматынан коронавирустық инфекция анықталды. Бас санитардың қаулысымен азаматтар Алматыдағы инфекцияға қарсы карантиндік стационарға жатқызылды. Барлық шаралар белгіленген алгоритмге сай жүзеге асуда. Оқшауландыру, карантин секілді қажетті процедуралар жасалуда. Клиникалық симптомдар жоқ. Азаматтардың жағдайы жақсы, – деді министр.

Біртанов елде қажетті төсек орындар мен дәрі-дәрмектер бар екенін, қажетті қордың жеткілікті екенін, медицина қызметкерлері не істеу керегін білетінін мәлім етті.

Оқи отырыңыз!

♦ Вирусолог: Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар жасауға мүмкіншілік бар

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір