• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:28:56
Алматы
+35°

ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына Бақытгүл Хаменова тағайындалды, деп хабарлайды atyrau.gov.kz.

– Бақытгүл Қайыржанқызы тәжірибелі маман ретінде бұл лауазымға лайықты деп есептеймін, – деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Бақытгүл Хаменова Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Атырау мұнай және газ институтында мұнай және газ инженері мамандығын оқыған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және бизнес бакалаврын бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты және саясаттану бейіні бойынша доктор.

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау облыстық телерадиосының редакторы қызметінен бастаған.

2001-2003 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, 2002-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, 2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті, кейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті мен журналистика кафедрасының оқытушысы, 2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылғы 24 наурыздан бері алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір