• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:13:22
Алматы
+35°

Германияда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды, оның отбасы карантинге жатқызылды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Ведомство таратқан хабарламаға қарағанда, коронавирус жұқтырған азамат –Германиядағы Қазақстан елшілігінде жұмыс істейтін дипломаттың әкесі.

"Германиядағы Қазақстан елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасының қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері байқалып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарып, жеке палатадан жалпы палатаға ауыстырылды. Оның әйелі мен ұлы неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинге алынды" деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ал Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы брифингте "Германияның Берлин қаласында Қазақстанның бір азаматына коронавирус жұқтырған деген алдын ала диагноз қойылған. Қазірге дейін бізде бар ақпарат осы ғана. Қазақстанға келген 12 адам сол кісінің жанында болған. Қазір олар ауруханада карантинде жатыр. Ал әлгі азамат қазір Германияда. Біз бұл ақпаратты толық растай алмаймыз. Бірақ қазір бізде Германияда бір азаматымызға вирус жұққаны жайлы ақпарат бар" деді.

Германиядаға қазақстандықты қосқанда елдің төрт азаматынан коронавирус табылып отыр. Бүгін, 13 наурызда түстен кейін Алматыға Германиядан ұшып келген елдің екі азаматының коронавирус жұқтырғаны анықтылған болатын. Артынша Миланнан (Италия) Нұр-Сұлтанға ұшып келген әйел адамның да вирус жұқтырғаны хабарланды. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, вирус жұқтырған азаматтар карантинге жатқызылып, олармен байланыста болған адамдарды арнайы мамандар тексеріп жатыр.

Тағы оқыңыз!

♦ Вирусолог: Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар жасауға мүмкіншілік бар

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір