• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:05:01
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға түрлі жиындар мен тойларға бармауға кеңес берді. Бұл туралы министр "Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай" атты брифингте айтты. 

"Қазір жағдай қиын. Біздің дәрігерлерге қолдау керек. Себебі олар жұқпалы аурулармен тікелей жұмыс істеп жатыр. Тек қана дәрігерлер емес, біздің шекарашылар да, полиция қызметкерлері де қажетті жұмыстарын істеп жатыр. Мүмкіндігінше, біз оларды қорғауымыз керек. Себебі олар да басқа азаматтармен байланысқа түседі. Басқа азаматтарға осы жұқпалы ауруды таратса, бұл күрделі мәселеге айналады. Ең тиімді алдын алу шарасы - гигиенаны сақтау және изоляция. Мүмкіндік болса, қажетсіз кездесуге, мерекелерге, тойларға қатыспай үйде отырайық. Онда кітап оқып, кино көріңіз. Қазір сондай ұсыныстар түсіп жатыр. Мен мұны "өте жақсы ұсыныс" деп ойлаймын. Мүмкіндік болса, ұсынысты қолдаңыз. Сонда бәрі дұрыс болады деп сенемін", - деді министр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір